Алматы тұрғындары үшін маңызды ақпарат!

331

Бүгін түнгі сағат 00:00 ден бастан Алматыда карантин режимі басталады. Қала аумағына кіретін тұстан 27 блок-пост қойылады. Алайда тұрғындардың: «қала ішінде қозғалысқа шектеу қойыла ма?»- деген сауалына нақты жауап қазір берілді. ІІД-нің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектің мәлімдеуінше, қала ішінде қоғамдық көлік, жаяу жүргіншілер, немесе басқада қозғалыс құралдарына шектеу қойылмайды. Сонымен қатар Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов қаладағы жағдайға байланысты өткен брифингте маңызды ақпаратпен бөлісті. «Алматыда жүрген өзге өңірлердің тұрғындарына өз қалаларына барулары үшін және сырт аймақтағы Алматылықтардың қалаға келуін қамтамассыз ету мақсатында 72 сағат уақыт беріледі. 22 наурыздан бастап Алматыда барлық әуе және теміржол қатынастары тоқтатылады»- деді Ерлан Қожағапов.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *