«Эйр Астана» және «FlyArystan» авиакомпанияларының бірқатар рейстері тоқтатылды

362

«Эйр Астана» авиакомпаниясы Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында карантин енгізілуіне, сондай-ақ үкіметтің басқа шектеулеріне байланысты «Эйр Астана» және «FlyArystan» авиакомпанияларының бірқатар рейстері тоқтатылғанын хабарлайды. 

Халықаралық рейстер тек Қазақстан азаматтарын елге қайтару және шетел азаматтарына елден кетуге мүмкіндік беру мақсатында жүзеге асырылады. Мүмкіндігінше авиакомпаниялар жолаушыларды тұрақты мекен-жайларына жеткізу үшін қажетті ішкі рейстерді орындауды жалғастырады.

Қазіргі жағдайда көлік қозғалысының күрделенуіне байланысты барлық жолаушылар әуежайға кем дегенде 2 сағат бұрын келуі керек.

15 сәуірге дейін тоқтатылған рейстердің билеттері бар жолаушыларға, соның ішінде шетелдік азаматтарға билеттің құнын қайтару үшін  refund@airastana.com поштасына 15 сәуірге дейін өтінім жіберу керек.  15 сәуірге дейінгі тоқтатылған рейстер, брондау және бағытты өзгерту бойынша төленген ақшаны  2020 жылдың соңына дейін қайтарып алуға мүмкіндік бар.

Сұраныстардың көптігіне байланысты әуе компаниялары жолаушылардан рейс 72 сағаттан аз уақытқа белгіленбеген жағдайда сall centre  операторлары жедел сұраныстарға жауап қайтарып үлгеру үшін қоңырау шалуды кейінге қалдыруды сұрайды. қоңырау орталығының Жедел сұрақтар бойынша жолаушылар call.centre@airastana.com электронды поштасына немесе +7 727 244 4477, +7 172 58 4477, +7 702 702 4477 нөміріне хабарласуларына болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *