Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты

1098

Бүгін таңертең ол Шығыс Қазақстан облысындағы 156/14 түзету мекемесінен шықты. Мұхтар Жәкішевті бір топ қолдаушылары күтіп алды. Олардың арасында оның тағдырына немқұрайлы қарамайтын азаматтар да болды.

«Мен және менің отбасым үшін қиын кездер артта қалды. Енді денсаулығыма көңіл бөліп, отбасыма қосыламын»- деді Жәкішев.

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы, Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырған болатын. Сот шешімі бүгін заңды күшіне енді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *