Ержан Бабақұмаров: Басты міндет — қалада вирустың таралуына жол бермеу

411

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету жөніндегі Өңірлік штаб мүшелері қалалық құрылымдардың коронавирустық инфекцияны жұқтыру ошағы аймағындағы іс-қимыл алгоритімінің орындалу дайындығын тексерді.

Алматы қаласының сыртқы периметрі бойынша 27 блок-бекет қойылады. Сонымен қатар, жұқтыру ошағының аймақтары анықталып, сол жерде дезинфекция мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау шаралары жүргізілуде.

«Қалада коронавирусты жұқтыру ошақтары бар. Басты міндет – жұқтыру тізбегін бұзу, карантин режимін сақтау, қалада вирустың таралуына жол бермеу және оны басқа өңірлерге экспорттауға шектеу қою», — деп атап өтті әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров.

Жұқтыру ошақтарын оқшаулау құқық қорғау органдарының, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің, медициналық ұйымдардың, аудан әкімдіктерінің және ПИК күшімен бірлесіп жүргізілетін болады. Карантин кезінде ошақ тұрғындарына 14 күннен кем емес өзін-өзі оқшаулау қажет. Жұқтыру ошағының аймақтарында бақылау-өткізу пункттері орнатылады. Карантиндік аймақтың ішінде қозғалысты шектеу көзделген.

Медицина қызметкерлері ошақ аймағында тұратын адамдардың денсаулығы бойынша мониторинг жүргізетін болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *