Елордада медициналық маска 56 теңгеден сатылуда

407

Нұр-Сұлтан қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Зекен Исақов елордаға медициналық маскалардың қосымша партиясын әкелінгенін айтты.

«Қалаға 350 мың маска жеткізілді. Қаланың дәріханаларына таратылды. Бағасы – 56 теңге. Бұған қоса маскалардың қосымша партиясын әкелу көзделуде», — деді тікелей эфирде өткен баспасөз мәслихатында. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі 56 теңгелік медициналық маскалар әлеуметтік дәріханаларда сатылып жатқанын хабарлады.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *