Алматыда тағы бірқатар үй карантинге жабылды

257

Алматыда «Сұңқар» тұрғын үй кешенінен бөлек, тағы бірнеше үй карантинге жабылды. Бұл ақпаратты қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров растады.

«Сұңқар» тұрғын үй кешенінен бөлек, Достық көшесі, 42-үй, Достық, 42А, Қабанбай батыр, 68 мекенжайындағы үйлер карантинге жабылды. Аула қоршалды. Төрт бақылау-өткізу пункті қойылды. Бір ғана D&D Market сауда орны жұмыс жасап тұр», — делінген қала тұрғындарынан БАҚ өкілдеріне жіберілген ақпаратта. WhatsApp желісіндегі онлайн-чатта тілшілерге бұл мәліметті қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров растады. Айта кетейік, мұның алдында қала әкімдігі коронавирус ошақтары анықталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын. Онда індет анықталған және тарап жатқан нақты мекенжайлар мен шағынаудандар көрсетілген еді.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *