Коронавирус жайлы алғаш айтып жазықты болған кім?

262

Өткен жылдың желтоқсан айында қытайлық 34 жасар офтальмолог Ли Вэньлян өзі қызмет істейтін Ухань қаласындағы ауруханаға 7 адамның карантинге жатқызылғанын хабарлаған еді. Олардың жергілікті сауда орталықтарының бірінен індет жұқтырып алғаны жөнінде айтып, алғашқыда ауру белгілері пневманияға ұқсас деп мәлімдеді. Лидің сол кезде айтқан сөздерін халық теріс қабылдап, жергілікті құқық қорғау қызметкерлері дәрігерді жалған ақпарат таратушы деп айыптады.

Жақында белгілі болғандай, қытайдың билік өкілдерінен құрылған комиссия мүшелері, Ли Вэнлянның айтқан дерегіне байланысты полиция өкілдерінің қолданған жазасы мен шектеу шараларының негізсіз екендігін растады. Коронавирустың алғашқы белгілері жайлы айтып,“We Chat’ мессенджері арқылы жаңа вирус түрі туралы жаңалықпен алғаш бөліскен дәрігердің отбасы мүшелерінен Қытай билігі кешірім сұрады.

2020 жылдың 12 қаңтарында Ли ауруханаға жатқызылды. 1 ақпанда оның коронавирус індетіне шалдыққаны анықталған. Дәрігер өзінің сол кездегі жағдайы жайлы Weibo әлеуметтік желісі арқылы хабар беріп отырды. 6 ақпанда Ли Вэньлян індеттен қайтыс болды. Бұл жағдай Қытай мен әлем жұртшылығын дүр сілкіндірген еді. Осылайша ең алғашқылардың бірі болып коронавирус жайлы сөз қозғаған дәрігер, ақыры өзі сол індеттен қайтыс болған еді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *