Мейрамбек Шермағанбет –Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

131

Ақтөбе облысы әкімдігінен мәлім еткендей, аймақ басшысының орынбасары болып Мейрамбек Шермағанбет тағайындалды.

Ол Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтын, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген.

Еңбек жолын  1994 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Кеңес ауылындағы орта мектепте мұғалім болып бастады. Кейін аталған орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппаратының басшысы болды.

Әр жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Қызылорда облысының білім департаментінің директоры, Қызылорда облысының білім басқармасы, тілдерді дамыту басқармаларының басшысы қызметін атқарды.

2015-2016 жылдары аралығында «Ақтөбе облысы әкімінің іс басқармасы» мекемесінің басшысы лауазымында қызмет жасады.

2016 жылдан бастап Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі болып қызмет етті.

Ұлтжанды іскер азаматқа қызметте табыс тілейміз.

Берік Бейсенұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *