Әлемге әйгілі отандасымыз Наурыз мерекесімен құттықтады!

396

Кәсіпқой бокста әлемдік деңгейдегі спорт жұлдызына айналған отандасымыз Геннадий Головкин мен оның командасы қазақстандықтарды наурыз мерекесімен құттықтады.

«GGG Promotions атынан әр үйге жылу, шаттық, денсаулық тілейміз! Шаңырақтарыңыз берік, дастархандарыңыз бай болсын! Наурыз құтты болсын!»- деген тілек жолдарын спортшы әлеуметтік желіге жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес 3 рет қолғап түйістіруге ниетті. Олардың промоутерлері мен командалары арасында өзара келісім де бар. Алайда әлемде орын алған соңғы жағдайларға байланысты жекпе-жек уақыты нақтыланбады.

Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *