Коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған жамбылдықтардың талдаулары теріс нәтиже көрсетті

282

Коронавирус ауруымен байланыста болған Жамбыл облысының он тұрғынының талдауы теріс нәтиже көрсетті.

Хабарланғандай, 20 наурызда Алматы облысының тұрғыны «коронавирустық инфекция» диагнозымен Қарасай аудандық ауруханасына жатқызылған болатын. Науқаспен бұған дейін байланыста болған Жамбыл облысының 10 тұрғыны анықталып, карантинге алынды. Олардан коронавирусқа алынған талдаулар теріс нәтиже көрсетті. Карантиндегі адамдардың ешбірінен шағым түскен жоқ. Жағдайлары қанағаттанарлық. Оларға медициналық бақылау жүргізілуде. «Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында қоғамдық орындарға барудан бас тартудың, жеке гигиена шараларын сақтаудың, қол алысып амандасудың және басқа да жақын қарым-қатынастарда болмаудың маңыздылығын ескертеміз. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге, жалған ақпараттар мен хабарламаларды таратпауға шақырамыз. Ол үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін жеткіземіз»,-делінген хабарламада.

inform.kz 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *