Алматыда коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайы қалай?

319

Алматыда коронавирус жұқтырған 2 науқас пен 1 баланың денсаулығы орта ауырлық жағдайында. Бұл туралы Алматыда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты.

«Алматы қаласында коронавирус жұқтырған тағы екі адам тіркелді. Екі пациент бұған дейін осы індетті жұқтырған жандармен байланыста болған. Олардың барлығы стационарда карантинде жатты. Коронавирус инфекциясын анықтау және емдеу хаттамасына сәйкес, ем-дом шаралары басталды. Екі пациенттің де жағдайы қанағаттанарлық»,- деді ол «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен. Оның дерегінше, бүгінгі таңда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 22, ал балалар жұқпалы аурулар ауханасында 2 бала және ауру жұқтырған бір ана бар. «Қазір екі науқастың және 1 баланың денсаулығы орта ауырлық жағдайында. Қалған пациенттердің денсаулығы қанағаттанарлық. Бүгінде қаланың провизорлық госпитальдерінде карантинде 660, үй карантинінде 1 462 адам, қосымша карантиндік стационарларда 778 адам бар. Карантинге оқшауланған барлық азаматтың дене қызуы қалыпты жағдайда, катаралдық ауытқулар жоқ», — деді Тілеухан Әбілдаев.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *