Қазақстан футболшысын «алаң орталығының патшасы» деп атады

245

 

Қазақстан құрамасы мен краковтық «Висланың» жартылай қорғаушусы Георгий Жуков «2х45» басылымының рейтингінде Польша чемпионатындағы жаңа ойыншылар арасында көш бастады, — деп хабарлайды Vesti.kz.

–Не айтуға болады? Ол – алаң ортасының патшасы. Бастапқыда-ақ хит болған трансфер ешкімнің көңілін қалдырмады. Бельгия, Ресейде, сосын Қазақстанда ойнаған футболшының ондағы  10 есе көп айлыққа қарамай, Польшаға келгені де сүйсіндірді.

Жуков, Савичевич пен Баши триосы «Висланы» дағдарыстан шығарып, ұпай жинай бастады. Бірнеше ай бұрын мұндайды елестету мүмкін емес еді, ал қазір қалыпты жағдай. Жуков маңызды болмаған матч жоқ және ол әр кезде үмітті ақтап отырды. Икемделуге де уақыт қажет етпеді, қазақтың ойынын тамашалау Польшаның футбол алаңдарындағы биылғы ең жағымды дүние болды. Осылай қала береді деген үмітіміз де бар–, – деп жазыпты басылым.




One thought on “  Қазақстан футболшысын «алаң орталығының патшасы» деп атады

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *