Президент: Табысынан айырылғандарға жәрдемақы, вируспен күрескендерге сыйақы беріледі

181

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға ең төменгі жалақы мөлшерінде, 42500 теңге жәрдемақы төлеуді тапсырды. Бұл туралы ол бүгін Ақордада төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында айтты.

– Карантин енгізілген соң тек Алматының өзінде кәсіпорындардың қызметкерлер саны 266 мың адамға қысқарады. Дәл осындай жағдай жеке кәсіпте де байқалды. Олардың 80 пайызы өз қызметтерін тоқтатты. Осылайша, алдын ала есептеулерге сәйкес, төтенше жағдай шамамен 500 мың азаматтың қаржылық жағдайына кері әсерін тигізді. Сондықтан төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға ең төменгі жалақы мөлшерінде, 42500 теңге жәрдемақы төлеуді тапсырамын, –деді Тоқаев.

Президент жәрдемақы төлеудің тиімді және ашық тетігін әзірлеуді төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияға тапсырды. Яғни, табысынан айырылғандарға жәредемақы төлеу тәртібін төтенше жағдайға байланысты құрылған мемлекеттік коммисия шешеді.

Бұдан бөлек, Тоқаев үкімет пен жергілікті әкімдіктерге қосымша қаражат тауып, коронавирусқа қарсы іс-шараларға жұмылдырылған дәрігерлерге, полицейлерге және өзге де мамандарға 1 лауазымдық жалақы көлемінде сыйақы төлеуді тапсырды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *