Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің ұжымы біркүндік жалақыларын аударды

76

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұжымы еліміздегі коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күреске біркүндік жалақыларын аударуға уағдаласты. Бұл туралы -музейдің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар қорық-музейде арнайы штаб құрылып, мекемеде қызмет атқаратын көп балалы аналар мен жағдайы төмен отбасыларға біржолғы күнделікті тұтынатын азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстарын қолға алды.

Қазіргі таңда төтенше жағдайға байланысты Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен жанындағы Жұма мешіті, Қылует жерасты мешіті, Шығыс моншасы музейі, Рәбия Сұлтанбегім кесенесі және Үкаша ата кесенесі мен құдығы, Гауһар ана кесенесі, Жүсіп ата кесенесі, Сауран қалашығы жұмысын уақытша тоқтатты.
Мекеменің кейбір құрылымдық бөлімдеріне де қашықтан жұмыс  жасау тәртібі енгізілсе, кейбір бөлімдер ақылы негізде демалысқа жіберілді. Қорық-музейдің 88,7 гектар аумағы толығымен бақылауға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *