Қырғызстанда коронавирус инфекциясы қарқыны артып келеді

82

Кабар – Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков бүгін, 24 наурызда Жогорку Кенеш төрағасы Дастанбек Джумабековпен, елдің премьер-министрі Мухаммедкалы Абылгазиевпен және Жоғарғы сот төрағасы Гульбара Калиевамен кездесті.

Мемлекет басшысы әлемдегі қиын жағдайды, сондай-ақ елде коронавирус инфекциясы қарқыны артып келе жатқанын атап өтті. Осыған байланысты президент Бішкек, Ош және Жалал-Абад, Ош облысының Кара-Суй, Ноокат аудандарында, Джалал-Абад облысының Созақ ауданында төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдағанын айтты. Президент тиісті Жарлыққа қол қойылып, Жогарку Кенешке жіберілгенін мәлім етті. Төтенше жағдай 25 наурыз сағат 08.00-ден бастап 2020 жылдың 15 сәуірі сағат 08.00-ге дейін енгізіледі. Аталған қалалар мен аудандардың аумағында комендатура құрылды. Жээнбеков осы аудандардағы санитарлық-карантиндік бекеттерден өту кезінде азық-түлік және басқа да тауар таситын жүк көліктеріне баса назар аударуды тапсырды.

 inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *