Әлемде коронавирусты 332930 адам жұқтырып, 14510 адам қайтыс болған

195

Кеше кешкілік Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы әлемді жайлаған індетке қатысты соңғы деректерді жария етті

Атап айтар болсақ, соңғы деректер бойынша 332930 коронавирусты жұқтырып, одан 14510 адам қайтыс болған. Басқа аумақпен салыстырғанда, қазіргі уақытта әсіресе, Еуропа елдері індеттің залалынан қатты зардап шегіп отыр. Дерекке жүгінсек, Еуропа елдерінде 170 мың адам індетті жұқтырған. Қазіргі уақытта қарт құрлықта Италия мен Испания елінің халқына оңай тимей тұр. Күніне бұл елдерде жүздеген адам өліп жатыр.

Қазір жұқпалы індет Сирия, Мозамбик, Гренада секілді ыстық аймақтарға қарай ауды. Аталған мемлекеттің тұрғындарына індетті Еуропа құрлығынан келгендер жұқтыруда.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адхан Гебрейесус індеттің әлемнің бүкіл еліне жайылып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді. Қазір 180-нен астам ел коронавирустан зардап шегіп отыр. Оның айтуына қарағанда, соңғы төрт күнде әлемде 100 мыңнан аса адам коронавирусты жұқтырған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *