3 адам жазаланды

127

 

Нұр-Сұлтан қаласынан Қарағанды және Қостанай бағытына қарай жол тартпақ болған 3 көлік жүргізуші ұсталды. Жеке көлік жүргізушілері елдегі карантин режиміне қарамастан, заңсыз жолаушы тасымалымен айналысып, ақша табуды көздеген. Олар өз қызметі үшін әр жолаушыдан 50 мың теңге көлемінде ақша алған. Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы блокпосттарды айналып өтудің жолын тапқан азаматтардың барлығы 15 тәулікке қамауға алынды. Полиция қызметкерлері аталмыш фактіге байланысты протокол толтырып, төтенше жағдайды пайдаланып оңай олжаға кенелмек болғандардың көліктерін айып тұрағына жөнелтті. Құзырлы органдар қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласын өзге жолдармен де заңсыз айналып өту ісінің алдын алу мақсатында, барлық бағыттарды қатаң бақылауға алды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *