Ешкім есіне алмайды

330

Кәсіпқой бокстан қос салмақ дәрежесіндегі әлемнің экс-чемпионы, бүгінде ағылшын-британ спорт арнасының тұрақты комментаторы әрі сарапшы маманы Пол Малиньяджи Головкин-Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекке байланысты пікір білдірді. FightHype.com ақпараттық порталына берген сұхбатында Малиньяджи қос спортшының үшінші кездесуі жайлы: «Геннадий Головкин кезінде ең қауіпті боксшылардың бірі еді. Онымен қолғап түйістіруден көп боксшылар қорқып, түрлі сылтаулар айтып рингте кездесуден бас тартатын. Алайда қазір уақыт өзгерді. Геннадий Головкиннің нағыз бабында болған жылдары артта қалып, спортшы қартайды. Үшінші кездесуде Сауль Альварес Геннадий Головкинді нокаутқа жіберсе де таңқалмаңыздар. Себебі бұл жекпе-жек аты аңызға айналған, бірақ қартайған боксшы мен кәсіпқой бокстың жарқын жұлдызы жалынды жас спортшының арасындағы текетірес. Егер Головкин осы жолы да Сауль Альвареске есе жіберетін болса, олардың тең нәтижемен аяталған алғашқы кездесуімен, жанкүйерлердің қызу талқысына түскен екінші жекпе-жегін де ешкім есіне алмайтын болады.» — деп ойын ортаға салды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *