Елден кеткендер, сол жақта қалсын!

106

Беларусь президенті Александр Лукашенко биліктің ескертуіне құлақ аспастан, шет елге шығуын тоқтатпай отырған отандастарына байланысты шешім қабылдады. Президент заңға бағынбаған азаматтарды елге кіргізбеуді бұйырды. Ол тек нақты себебі бар адамдарға ғана рұқсат бар екенін айтты.

Александр Лукашенко: «Шет елге шықпай, үйде отырыңыздар деп ескерттік. Бірақ көп адамдар құлақ аспай кетіп жатыр. Біздің ескертуімізден кейін, ел шекарасынан асып кеткендер үшін бүгіннен бастап ешқандай чартер ұйымдастырылмайды. Кеткен жақтарында отырсын. Әр елді аралап, тыңдамай жүргендерді елден күтіп алып, әрқайсысын тексеруге мәжбүр болып отырмыз » — деп ренжіп мәлімдеме жасады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *