Төтенше жағдайда төтесінен көкпар тартқан кімдер?

195

Әлеуметтік желіні зерделеу кезінде Алматы облысының полициясы ғаламтор желісінен Алматы облысының ауданында бір топ азаматтың облыстағы елдімекендердің бірінде жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілеріне қауіп төндіріп, көшеде көкпар тартқаны туралы бейнежазбаны тапты. Анықтау барысында оқиғаның кеше 23 наурыз күні сағат 17:00 шамасында Шамалған ауылының Жібек жолы көшесінде түсірілгені белгілі болды.

«Қазіргі уақытта ұлттық ойынның ұйымдастырушысы анықталды. Ол 27 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Жасаған әрекеті бойынша құқық бұзушының қазіргі төтенше жағдайдың ауқымдылығы мен маңыздылығын сезінбегені белгілі. Оның сөзінше, ол көкпарды «Наурыз мерекесіне» орай ұйымдастырған. Дегенмен, елімізде төтенше жағдай жарияланғанын біле тұра, ол қоғамдық шараға ұйытқы болған.Сонымен қатар, ұлттық ойын елдімекендегі жолдың бойында ұйымдастырылған, яғни ол заңнама талаптарын өрескел бұзу болып табылады.»- деп хабарлады Қарасай АПБ бастығы полиция полковнигі Асхат Данияр.

Аталған оқиға бойынша ҚР ӘҚбК 467-бабына сәйкес, яғни «Төтенше жағдай тәртібін бұзу» дерегі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалып, нақты процессуалдық шешім қабылдау үшін материал ауданаралық сотқа жолданды.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *