Әскерге шақыру уақытша тоқтатылды

174

Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты, әскери  борышын өтеушілерге қатысты өзгерістер енгізілді. Бұл ақпарат туралы бүгінгі брифингте ресми мәлімдеме жасалды.

«Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, 2019 жылдың көктемінде шақырылған сарбаздарды мерзімінің аяқталуына байланысты, әскер қатарынан шығару тоқтатылды. Сонымен қатар әскер сапын жас жауынгерлермен толықтыру да кейінге шегеріледі», — деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *