Министр қазақстандық өнімді сатып алуға шақырды

320

Қазақстанда өндірілген затты сатып алған азамат елдің келешегіне үлес қосуда . Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

–Қарапайым заттар экономикасының мәні неде? Оның мәні – біз күнделікті қолданатын заттардың барлығы өз елімізде жасалуы керек. Тамақ, киім, жиһаз, тұрмыстық химия деген сияқты тауарларды біз өзіміз өндіре аламыз. Бірақ тек өндіріп қоя салу жеткіліксіз. Ол тауарлар нарықта бәсекеге қабілетті, сапалы және қолжетімді болу керек», — деді Дәурен Абаев. Оның атап өтуінше, өз тауарымызды тұтыну арқылы біз болашағымызды қалыптастырамыз. «Қазақстанда өндірілген затты сатып алып жатқан әрбір азамат білу керек – ол елдің келешегіне өз үлесін қосуда. Баршаңызды осыған шақырамын,– деді министр.

http://inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *