Жамбылда коронавирусты жұқтырған адаммен байланыста болғандар карантинге алынды

72

Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркеліп, науқаспен байланыста болған барлық адам карантинге алынды.

Белгіленген алгоритмге сәйкес жауапты қызметтердің белсенді әрекеттерінің нәтижесінде ауырған адам стационарлық карантинге оқшауланып, дәрігерлердің бақылауына алынған. Хабарламада науқаспен байланыста болған адамдардың анықталып, олар да карантинге орналастырылғандығы жазылған. «Толық ақпарат сағат 10.00-де арнайы брифинг арқылы жұртшылыққа жеткізіледі. Тікелей эфирді «Хабар 24» арнасынан көрулеріңізге болады. Баршаңыздан сабырлық танытуларыңызды сұраймыз. Барлық жағдай бақылауда», — деп жазылған. Сондай-ақ, ведомство әлеуметтік желі мен мессенджерде жалған ақпараттың таралуына байланысты тұрғындарды расталмаған хабарламаға сенбеуге және жібермеуге шақырады. Ол үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Еске сала кетсек, Жамбыл облысында коронавирус жұқтыруға қатысты жағдай бойынша, 1979 жылғы ер адам екені белгілі болды. Ол өңірге Қырғызстаннан келген.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *