Америкадан 55 қазақстандық елге оралды

340

Коронавирус пандемиясы аясында АҚШ-тағы қазіргі жағдайға байланысты бүгін Вашингтондағы Қазақстан Елшілігінің және Нью-Йорк пен Сан-Францискодағы Қазақстан Бас консулдықтарының көмегімен АҚШ аумағындағы 55 отандасымыз елге қайтарылды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.

Бірқатар халықаралық әуе рейстерінің болмауына және шетелдіктер үшін транзиттік аймақтардың жабылуына байланысты біздің көптеген азаматтарымыз Қазақстанға ұшып шығу мүмкіндігінен айырылды. «Осы жағдайды назарға ала отырып, Қазақстанның АҚШ пен Ресейдегі елшіліктері бірлесіп, отандастарымызды Нью-Йорктен Мәскеу арқылы транзитпен ұшырды» деп мәлім етті Сыртқы істер министрлігінен.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *