ХҚКО жабылды

174

Карантин кезінде халыққа қызмет көрсететін орталықтардың жұмысын тоқтату жөніндегі шешім қабылданды. Шектеулер 15 сәуірге дейін енгізіледі. Бүгіннен бастап көлікті бастапқы тіркеу, емтихан қабылдау, жүргізуші куәлігін беру қызметтері көрсетілмейді. Жүргізушілер тек egov.kz сайты арқылы көлігін қайта тіркеп, мерзімі өткен жүргізуші куәлігін ауыстыра алады.

Дайын куәліктерді, мемлекеттік нөмірлер мен техникалық құжаттарды тапсырыс беру арқылы, немесе құжат беретін терезелерді арнайы ашық қалдырған ХҚКО-нан алуға болады. Қызмет көрсету кестесі: дүйсенбі-жұма 9:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі — 9:00-ден 14:00-ге дейін. Алматыда құжаттар мен нөмірлер тек Майлин, 85 мекенжайы бойынша беріледі.

Қандай да бір түсініктеме алу үшін ел азаматтары «Азаматтарға арналған үкімет» МК-ның байланыс орталығына 1414 нөмірі арқылы хабарласа алады.Қоңырау шалу тегін. Колл-орталықтар бір уақытта 1000-нан аса адамға кеңес беруге қауқарлы.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *