Air Astanа əуекомпаниясының Амстердам-Атырау және Франкфурт-Орал рейстерінің бағасы төмендеді

234

Air Astana əуе компаниясы халықаралық рейстерде тарифтік кесте өзгеріссіз қалғанын хабарлайды. Сонымен қатар, Амстердам-Атырау және Франкфурт-Орал рейстерінің бағасы айтарлықтай төмендеді.

Алайда, кейбір рейстерге сұраныстың жоғары болуына байланысты тек бизнес-класс орындары ғана қалды. Әуекомпания өзінің жолаушыларын ғана емес, сонымен  бірге тоқтап қалған шетелдік тасымалдаушы рейстердің ҚР азаматтарын да тасымалдайды.

24-29 наурыз аралығында «Air Astana» келесі соңғы рейстерді орындайды:

Еуропа:

Амстердам — ​​Атырау — 24.25.25 наурыз

Мәскеу-Алматы-24.26.29 наурыз

Франкфурт — Орал — 25 наурыз

Мәскеу-Нұр-Сұлтан-25.27 наурыз

Санкт-Петербург-Алматы-26 наурыз

Ыстамбұл-Алматы-26.29 наурыз

Ыстамбұл-Атырау-27 наурыз

Лондон-Нұр Сұлтан-28 наурыз

Ыстамбұл-Нұр-Сұлтан-28 наурыз

Франкфурт Нұр Сұлтан — 29 наурыз

Таяу Шығыс:

Дубай-Алматы — 24 наурыз

Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия:

Бангкок-Алматы-24.27.29 наурыз

Сеул-Нұр-Сұлтан-27 наурыз

Куала-Лумпур-Алматы-29 наурыз
БАӘ авиациялық билігі 26 наурыздан кейін барлық жолаушылар рейстеріне тыйым салуына байланысты,  қазіргі уақытта Дубайдан 28 наурызда ақырғы рейске рұқсат алу мəселесі туралы келісім жүргізілуде.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *