Қордай. Зардап шеккен үйлер демеушілер есебінен қалпына келтіріледі

132

Ағымдағы жылдың ақпанайында Қордай ауданында орын алған қайғылы оқиға барысында зардап шеккен тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын осы айда бастау жоспарланып отыр.

Масаншы, Бұлар батыр, Ауқатты және Қарасу ауылдарында барлығы 40 тұрғын үй, 20 коммерциялық нысан және  5 шаруашылық құрылыстары өртенген. Бұл орайдағы барлық жұмыстар «Щивон» қайырымдылық қоры жинайтын демеушілік қаражат есебінен жүргізілетін болады.

Бүгінде өрттен зардап шеккен 39 отбасына облыстық резервтен жалпы сомасы 20,6 миллион теңге қаражат бөлінді.

Сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтен тұрғынүй-жайларды қалпына келтіру үшін 26 тонна арматура, 16 750 м2 жабын материалы, 400 м3 ағаш бөлінген.

Ал ішінара зақым алған жылжымайтын мүлік нысандары демеушілік қаражат есебінен қалпына келтіріліп үлгерілген. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық қорларына  22,5 млн.теңгетүскен.

Қазіргі таңда қайтыс болған азаматтарды ңтоғыз отбасына асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы тағайындалған. Сонымен қатар, қаза тапқандардың отбасыларына жалпы сомасы  8,2 миллион теңгеден астам қаржының демеушілік көмегік өрсетілген.

Ал, зақымдалған көлік иелерінетөленетін өтемақы көлемі қылмыстық істерге қатысты тергеулер аяқталғаннан кейін анықталмақ.

Жалпы, 11 ақпан мен 20 наурыз аралығында зардап шеккен отбасыларға 121,6 тонна көлемде гуманитарлық көмек көрсетілген десек, олардың ішінде азық-түлік, дәрі-дәрмек, ыдыс-аяқ, гигиеналықжәне басқа да қажетті бұйымдар бар. Қазіргі уақытта аудандағы ахуал тұрақты.

 

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *