Карантин талаптарын бұзғандарға 26 жарым мың теңге көлемінде айыппұл салынып немесе 15 тәулікке қамауға алынуы мүмкін

624

27 наурыз күні өткен брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев карантин режимі кезіндегі талаптарды түсіндірді.

Жағдайға қарай қоғамдық көлік қозғалысы шектелуі мүмкін. Саябақтар мен аллеяларда патруль жүргізіледі. Азаматтар үй жануарларын тұрғын үй маңында серуендете алады.

Ал егер азаматтар басқа себептермен шықса, алдымен ескерту жасалады, одан кейін 26 жарым мың теңге көлемінде айыппұл салынуы немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін, — деді министр мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, министр коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу туралы да тоқталды.

Коронавирустан адам қайтыс болуына байланысты журналистер марқұмды қалай жерлеу керектігі туралы сұрап жатыр. Бүгін кешке немесе ертең таңертең бас санитарлық дәрігердің ресми қаулысы шығады. Онда қатаң сақталуы керек ережелер көрсетіледі. Дәрігерлер айтқан талаптарды қатаң сақтау қажеттігі туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Православие шіркеуі тиісті пәтуа мен ескертулер әзірледі, — деді Дəурен Абаев.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *