Өлудің өзі қиын…

454

Бүгін Алматы қаласының әкімшілігі карантинге қатысты сақтық шаралары мен шектеулердің күшейтілгендігін айтты. Жаңа ереже бойынша қала тұрғындарына қонаққа баруға, қонақ күтуге, сондай-ақ себепсіз көшеге шығуға болмайды. Қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты қысқартылып, тәртіп сақшылары көшелерді бақылауға алады. Төтенше жағдай кезінде вирустан немесе өзге де жағдайлармен адамдар көз жұматын болса, олардың жерлеу рәсіміне ең көбі 10-ақ адамның бір мезетте қатысуына рұқсат берілді. Аталмыш шектеу індеттің таралуына тосқауыл қою мақсатында әкімшілік қаулысымен бекітілді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *