Тәжікстаннан Қазақстанның 24 азаматы елге оралды

376

Тәжікстаннан Қазақстанның 24 азаматы елге оралды.

Біздің азаматтарымызды шет елдерден қайтару жөніндегі шаралар аясында, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ Тәжікстанның мемлекеттік органдарының бірлескен күш-жігерімен ү.ж. 28 наурызда осы мемлекеттен біздің отандастарымыз елге шығарылды. Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің әскери-көлік авиациясының қолдауымен 24 ҚР азаматы елге аман-есен шығарылды. Бұл азаматтар Тәжікстан аумағында болған және тәжік билігі қатаң шектеу шараларын енгізгеннен кейін шыға алмай қалған. Осы борт арқылы Тәжікстанның 23 азаматы өз отанына оралды.

www.coronavirus2020.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *