Коронавирустан қайтыс болған науқастың күйеуі де осы індетке шалдыққан

238

Коронавирус анықталған Қосшы ауылының тағы бір тұрғыны жақында осы вирустан қайтыс болған әйелдің күйеуі болып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов мәлімдеді.

1953 жылы туған ер адам бұған дейін стационарлық карантинде жатқан. Ал кеше кешке одан алынған сараптамалар расталған. Айта кетейік, қазір аталған отбасының басқа да мүшелері ауруханада жатыр. Жалпы Қосшы ауылынан қазірге дейін 5 адам жұқтырып отыр. Олардың ешқайсысы шетелге шықпаған.

Сүлен Ілиясов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Бүгінгі таңда барлық пациенттің жағдайы қанағаттанарлық. Тиісті ем-дом жасалып жатыр. Жалпы облыс бойынша стационарларда 92 адам жатыр. Олардың төртеуі инфекциялық бөлімшеде, 49-ы карантиндік стационарда және 39-ы провизорлық бөлімшелерде ем алуда.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *