Тағы 14 адамнан коронавирус анықталды

364

Коронавирусқа шалдыққан тағы 14 адам анықталды.Олардың 11-і Нұр-Сұлтан, 3-еуі Алматы қаласында. Жаңадан вирус жұқтырғандар туралы ақпарат «Шұғыл штаб kz» Telegram-каналына жарияланды.Науқастардың жағдайы мен олар жайлы толық ақпараттар қазірге белгісіз.

COVID-19 індетіне байланысты ресми ақпаратқа сүйенсек, дәл қазіргі уақытта республика бойынша 265 адамнан коронавирус анықталған. 1 адам көз жұмып, 18 адам емделіп шыққан. Коронавирус ел аумағындағы 11 облыс пен Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларынан табылды. Ең көп вирус жұқтырған адамдар  Нұр-Сұлтан қаласында. Ертең ресми ақпарат бойынша Атырау қаласы карантинге жабылады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *