Мейірбике вирус жұқтырып алды

378

Қазақстанда медицина қызметкерінің корнавирус індетін жұқтырған алғашқы оқиға тіркелді. Coronavirus2020.kz Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық порталының ресми мәліметі бойынша індетті мейірбике жұқтырып алған. Ол коронавирусқа шалдыққан қыздың анализін жинаумен айналысқан. Екі апта бұрын Алматыдан Атырауға келген қыздың қанының анализдерін жинаған мейірбике ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, індет жұқтырған адамның қасында болған 27 адамды да оқшаулап, карантинге жапты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *