Джек Ма бірқатар елге көмек көрсетеді

167

Қытай миллиардері Джек Ма Қазақстанға көмек көрсетеді.

Джек Ма және Alibaba қорлары коронавируспен күресуге қажет медициналық құралдарды Қазақстан, Әзербайжан, Бутан, Үндістан, Қырғызстан, Вьетнам, Өзбекстанға жібереді.

 «7 мемлекетке 1,7 миллион медициналық бетперде, 165 мың тест жүйесі, қорғаныш киімдері мен медициналық құралдар: өкпені жасанды желдету аппараттары мен термометрлер жібереді. Осылайша, екі қор Азиядағы 23 мемлекетке көмек көрсетпек. Бұл елдерге 7,4 миллион бетперде, 485 мың тест жүйесі, 100 мыңнан астам қорғаныш киімдері  жіберіледі», — делінген PR агенттігі таратқан хабарламада.

Көмекті бірінші болып, Үндістанның Дели қаласындағы Қызыл Крест ұйымының қызметкерлері алған.

Сондай-ақ, Италияға да осындай көмек көрселіпті.  Ондағы Қызыл Крест ұйымының қызметкерлері медициналық құралдарды тиісті орындарға таратады.

«Қалған елдер көмекті алдағы уақытта алады», — делінген агенттік таратқан хабарламада.

tengrinews.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *