Әріптесіміз Аманхан Әлімұлы өмірден озды

291

«Қазақ газеттері» ЖШС-не қарасты «Ақиқат» журналының бұрынғы бас редакторы, ақын, әріптесіміз Аманхан Әлімұлы өмірден озды.

Аманхан Әлімұлы 1952 жылы 20 қаңтарда Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қожатоғай ауылында туған. 1969 жылы сол ауылдағы Амангелді атындағы орта мектепті бітірген. 1975 жылы КазГУ-дің журналистика факультетіне оқуға түсіп,  1981 жылы бітіреді. Оқуды бітіргеннен соң, 1981-1989 жылдар аралығында республикалық БАҚ «Қазақстан пионері» («Ұлан»), «Лениншіл жас» («Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Түркістан» және «Қазақ радиосында» қызмет етті. 1991-1993 жылдар аралығында Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының жанындағы жоғарғы курсының күндізгі бөлімінде оқиды. 1994-2012 жылдар аралығында «Заң газетінде» жауапты хатшы және шолушы болып қызмет етті.

Аманхан Әлімұлы Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты (Алаш» сыйлығының), Оңтүстік Қазақстанға Еңбегі сіңген медалімен, «Жандос» атындағы сыйлықтың иегері, «Ұлт патриоты» грамотасымен марапатталған, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Өткірдің жүзі», «Айнұры алақанымда», «Жанымның жапырағы», «Бес қоңырау», «Кездесу»   публицистикалық және өлеңдер жинағының авторы.Жақында «Атақоныс» атты жыр-жинағы жарыққа шықты.

Аманхан Әлімұлы 2020 жылдың 13 ақпанында өзі басқарған «Ақиқат» журналының Бас редакторлыған белгілі журналист Дәуіржан Төлебаевқа табыстаған болатын. Редакторлық қызметтен кейін, Аманхан Әлімұлы аталған басылымның шолушысы қызметін атқарды.

«Қазақ газеттері» ЖШС ұжымы Аманхан Әлімұлының отбасына, туған-туыс, бауырларына қайғырып көңіл айтады!

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *