Коронавирустан елімізде екінші адам көз жұмды

454

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетінен тағы бір адам көз жұмды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәуле Кисикова хабарлады. Қайтыс болған адам 50 жаста болған. Ол 10 күн бұрын ауруханаға жатқызылған.

«Өкінішке орай, бүгін тағы адам шығыны тіркелді. Қайтыс болған адам бір ай ауырып, жұмысы мен жиі іссапарына байланысты уақытылы медициналық көмекке жүгінбеді. Отбасы мүшелері мен қызметкерлердің арасынан 31 жақын байланысқан адам ауруханаға жеткізілді », — деді Кисикова.

Сондай-ақ, оның айтуынша, көз жұмған адаммен байланыста болған  55  адам анықталып, карантинге жабылды. Қайтыс болған адамның отбасы мүшелерінен 2 адамнан коронавирус белгілері анықталған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *