Нұртөре Жүсіп: «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына мүлдем жаңа көзқарас керек

570
Жұқпа дерттің кесірінен жұрт мектепке бара алмай қалды. Қазір қашықтан оқытуға байланысты мектеп мұғалімдері мен ата-аналар арасында жүйке жұқартатын мәселе көбейді.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Біз сыни пікірлерді естіп те, көріп те отырмыз. Дегенмен, қашықтан білім беруге көшу – коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқанын барлығы түсінгені жөн. Өкінішке орай, басқа таңдау жоқ. Оқу процесі тоқтатылмауы тиіс» деген болатын.
Қандай жағдай болса да білім беру процесі тоқтамауы тиіс. Осы ретте «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына мүлдем жаңа көзқарас керек. Ата-аналар Zoom арқылы интернетке кіргенде оның да кемшілігі көрініп қалып жатыр. Көбіне қатып қалады. Ал Телеграм канал арқылы көп адамды қамтуға болады. Бірақ бізде бұл арна онша дамымаған.
Айтайын дегеніміз: дерт те кетер, келесі қыстың бораны да жетер. Тап сол кезде балаларды дірдектетпей онлайн оқыту тәжірибесі керек болады. «Әр нәрседе қайыр бар» деген осы!



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *