Қайрат Ахметов жекпе-жекке шығады

427

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Қайрат «Қазақ» Ахметовтың келесі жекпе-жектегі қарсыласы анықталды. Жеңіл салмақтағы ONE FC тұжырымының экс-чемпионы

1-мамыр күні, ONE FC лигасының Сингапурде өтетін турнирінде өнер көрсетеді. Қайратқа жапониялық спортшы Даичи Тенака қарсылас атанбақ.

Айта кетейік, Қайрат Ахметов (23-2) Токиода болған ONE FC Grand-Prix турнирінде аустралиялық Рис Макларенмен (12-6) жұдырықтасып, сынған қолмен жеңіске жеткен отандасымыз, турнирдің жартылай финалдық бәсекесіне жарақатына байланысты қатыса алмаған болатын. Содан кейін Қайрат бір жылдан астам уақыт жарақатын емдеді. Алдағы айқас отандасымыздың бұл тұжырымдағы соңғы жекпе-жегі болмақ.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *