1 адамнан 10 адамға вирус жұққан

393

Еліміздегі коронавирус жұқтырғандардың статистикасы бойынша, 1 науқас 10 адамға дейін індет жұқтырған.

Бұл туралы ҚР мемлекеттік бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ОКҚ онлайн-брифингте айтты.

«Бүгінде тіркелген 369 жағдайдың 91-і шет елден келгендер. Қалғаны бірінші, екінші, үшінші адаммен қарым-қатынас жасағаннан жұққан. Бұған қоса, 1 науқас 10 адамға жұқтырған жағдайлар бар. Бұл — біздің статистика. Вирус — өте жұқпалы. Бір адам 4 адамға жұқтыруы мүмкін. Сондықтан карантинді сақтайық», — деді бас санитар дәрігер.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *