Алматыдағы коронавирусқа байланысты ресми ақпарат

173

Қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 90 жағдайы тіркелді.
Инфекциялық стационарларда Алматы облысынан 1 науқасты ескере отырып, КВИ 80 адам жатыр, оның ішінде 1 бала бар.
68 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жай-күйі – ауыр, 10 ересек адамның жай-күйі орташа ауырлық деңгейінде (1 облыстық).
Емдеуге жатқызылғандардың ішінде екі жағдай – бұған дейін анықталған науқастармен байланыста болған адамдар.

Барлық байланысқан адамдар бүгінгі күні табылған және оқшаулауға орналастырылған.
Кеше Covid-19-дан сауығып, тағы бір қала тұрғыны ауруханадан шығарылды.
Жалпы, қазіргі уақытта коронавирустық инфекция расталған, сауығып ауруханадан шығарылғандар саны 11 адамды құрайды.
Қазіргі уақытта провизорлық орталықтарда барлығы 619 адам бар, оның ішінде 81-і бала.
Екі күндік карантиндік оқшаулауда 520 адам жатыр, оның ішінде 50-і бала.
Үй карантинінде 3853 азамат бар.

Алматы қаласының әкімшілігі




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *