Елімізде эпидемияға қарсы күреске 23 млрд теңге бөлінді

353

Коронавирус инфекциясымен күрес аясында жүргізіліп жатқан эпидемияға қарсы іс-шараларға 23 468,5 млн теңге бөлінді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен ҚР Үкіметінің резервінен қаражат бөлу мәселесіне арналған баспасөз конференциясында айтылды.

«Эпидемияға қарсы іс-шараларға 23 468,5 млн теңге бөлінді. Оның ішінде жеке қорғаныс құралдарын, дезинфекциялық құралдар, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға 20 624,9 млн теңге, жылу түсіргіштер, зертханалық жабдықтар мен коронавирусты анықтауға арналған сынақ жүйелерін сатып алуға — 2 712,5 млн теңге және Қытайдағы қазақстандық азаматтарды эвакуациялау үшін — 131,1 млн теңге бөлінді», — дейді ҚР Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов. Оның айтуынша, аталған қаражат аясында аймақтарға жеке қорғаныс құралдарын, дезинфекциялық құралдар, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға мақсатты трансферттер 11 563,9 млн теңгені құраған. «Оның ішінде 30%-ға жуығы, яғни 1 412,4 млн теңге — Нұр-Сұлтан қаласына, 1 419,9 млн теңге — Алматыға, 605 млн теңге — Шымкентке бағытталды», — дейді ол.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *