Елімізде табысынан айырылған 67 мың адамға 42 500 теңгеден төлем тағайындалды

324

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 67 мыңнан астам адам 42 500 теңгеден төлем тағайындалды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минитсрлігінің мәліметінше, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты 67 328 адамға әлеуметтік төлем тағайындалды. 3 сәуір сағат 18-дегі жағдай бойынша табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындауға жалпы саны 210 834 адам жүгінді, оның ішінде 177 664 адам eGov.kz, ал 33 170 адам – 42500 enbek.kz сайты арқылы өтініш берді. Өтініштерді қарау және әлеуметтік төлемдерді тағайындау мерзімі – 3 жұмыс күні. Әлеуметтік төлемдер барлығы 67 328 адамға, оның ішінде проактивті форматта, яғни азаматтардың өтініштерінсіз (бірыңғай төлемді төлеушілер үшін) тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайлар кезінде табысынан айырылу жағдайына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем мөлшері бір адамға айына 42,5 мың теңгені (ең төменгі жалақы) құрайды, ол келесі санаттағы азаматтарға тағайындалады: — орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері; — жеке кәсіпкерлер; — жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор); — бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер; — нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдар; — карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *