Бүгін Олимпиада чемпиондарының туған күні!

310

Бүгін қазақ боксының тарихында қалған тұлғалар Василий Жиров пен Бекзат Саттархановтың туған күні. Тәуелсіз Қазақстанның бокстан алғаш Олимпиада чемпионы атанып, Атлантада өткен төрт жылдықтың басты бәсекесінде Вэлл Баркер Кубогінің иегері атан Василий Жиров бүгін 46 жасқа толды.  «Балқаш жолбарысы» лақап атымен кәсіпқой бокста да сәтті өнер көрсеткен отандасымыз қазақстандықтар арасында IBF тұжырымының чемпионы болған алғашқы адам ретінде де тарих төрінен орын алды.

4 сәуірде, яғни бүгін Бекзат Саттарханов ағамыз тірі болғанда 40 жасқа толар еді…. Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ, I дәрежелі «Барыс» орденінің алғашқы иегері Бекзат Саттарханов 20 жасында бокстан Сидней Олимпиадасында алтыннан алқа таққан. Жол апатынан бары-жоғы 20 жасында көз жұмып, аз ғана ғұмырында жасындай жарқылдаған былғары қолғап шебері бар қазақтың мақтанышына айналған еді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *