«Маршрут парағының» мұғалімдерге еш қатысы жоқ

252

Білім және ғылым министрлігі жүйесінде «маршрут парағы» деген құжат жоқ. Бұл туралы аталған ведомствоның вице-министрі Шолпан Каринова онлайн брифингіде мәлім етті.

Брифинг барысында «мұғалімдер «мартшрут парағын» толтыруға міндетті ме?» деген сұрақ қойылды. «Бүгінде әлеуметтік желілерде «маршрут парағын» толтыру туралы мәселе көтеріліп жүр. Ешқандай да «маршрут парағы» деген құжат жоқ, яғни министрлік мұндай талаптарды қоймаған. Күнделік жүйесінде де осындай қағазды толтыру ескерілмеген, сондықтан мұндай іс-қимылдардың еш қажеті жоқ», — деді вице-министр. Осы орайда ол аталған маршруттық парақтың мұғалімдердің жалақысына еш қатысы жоқ екенін атап өтті. «Атап айтқанда, бізде маршрут парағы деген ұғым жоқ. Одан басқа, мұғалімнің жалақысына аталған парақтың ешбір қатысы жоқ екенін атап өткен жөн. Ұстаздың жалақысы өзінің тарифтелуіне қарай іске асырылады. Сіздерге оқу жылына тарификациялық тізім бекітілді, онда жүргізіліп ортырған жылдық көлемдегі сағаттардың саны қамтылған», — деді Ш. Каринова.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *