Сағынтаев: Қаланы залалсыздандыру – коронавирус індетінің таралуының алдын алу (ВИДЕО)

855

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында тұрғындарды қауіпті вирустан қорғау үшін жалпы пайдалану орындарына санитарлық дезинфекция жүргізіліп жатқанын хабарлады.

– Қаланы залалсыздандыру – коронавирус індетінің таралуының алдын алу бойынша карантин кезіндегі қажетті шараның бірі. Коммуналдық қызметтер мен Алматы гарнизонының әскери қызметшілерінің күшімен жолдар, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтарына, жалпы пайдалану орындарына санитарлық дезинфекция жүргізілуде. Сондай-ақ, күнделікті кіреберістер мен аула аумақтары залалсыздандырылады. Қалада тұрғындарды қауіпті вирустан қорғау үшін барлық жағдай жасалуда. Сіз де көмек қолын созыңыз. Үйде болыңыз, – деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Қазіргі уақытта Алматыда тұрғын үй қорын дезинфекциялау қарқынды жүргізілуде. Аптасына 2 рет көппәтерлі тұрғын үйлерің әр кіреберісі мен аула аумақтары залалсыздандырылады.

Суретті түсірген: Жанарбек Әлихан

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *