Геннадий Головкин үздіктер қатарында!

298

Әйгілі boxrec.com порталы салмақ санаты еленбейтін әлемдегі ең үздік боксшылардың рейтінгін жаңартты.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин аталмыш тізімде төртінші орынға тұрақтады. Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдарының чемпионының еншісінде 829,6 ұпай бар.

Бірінші орынды WBA Super және WBC Franchise белбеулерінің иегері мексикалық Сауль Альварес сақтап қалды.

 

Ауыр салмақтағы WBC чемпионы, соңғы жекпе-жегінде америкалық Деонтей Уайлдерді жеңген тайсон Фьюри рейтингте екінші орынға көтерілді. қазіргі уақытта Тайсонның ұпайы 1049-ға жеткен.

 

846,7 ұпайы бар IBF және WBC чемпионы америкалық Эррол Спенс  үздік үштікті түйіндеп тұр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *