Жүк көліктері Нұр-Сұлтан қаласына қалай өтеді?

472

Жүк көліктерінің жүргізушілері жабық қалаға еркін кіру үшін post.iqala.kz сайтында өтініш рәсімдеу қажет. Ол үшін республика астанасына кіретін және шығатын күндерді, жүргізушінің аты-жөні мен қасындағы адамның ЖСН нөмірін, жеткізілетін тауар атауын, санын және жүру бағытын, көлік типін, кіру және шығу бекеттерін, сонымен қатар жөнелту және жеткізу орындарын көрсету керек. Содан кейін өтінім бірден «Сергек: блокпост» қосымшасына түседі.

Осылайша адамдар арасында тікелей қатынас болмайды. Бұл карантин кезінде аса маңызды шаралардың бірі болып табылады.Өтінім беру үшін ЭЦҚ мен басқа да дүниелердің қажеті жоқ. Аталған қызмет тек Нұр-Сұлтанда қолжетімді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы мен Нұр-Сұлтандағы карантин режимі 13 сәуірге дейін ұзартылды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *