Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындарына коммуналдық төлем үшін 20 мың теңге төленеді

353

Төтенше жағдай кезеңінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында халықтың коммуналдық төлемін мемлекет есебінен қайтарып беру ұсынылды. Ашық үкімет порталында осындай мәндегі жарлықтың жобасы жарияланды.

Ол үшін қос қаланың әкімдік трансферттеріне әр абоненттің 3 айлық төлемі ретінде 20 мың теңгеден, жиыны 68,4 млрд теңге бағыттау қажет.

Мұндай шара коммуналдық мекемелердің өз қызметін үздіксіз көрсетуіне тікелей қолдау болмақ.  Жалпы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 1 139 423 абоенент тіркелген.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *