Жолдар жабылуда

253

Кей өңірлерде қар жауып, жолдар жабылды
Мемлекеттік баспасөз қызметі хабарлағандай, ауа райының қолайсыз болуына байланысты елде жалпы ұзындығы 942 шақырымды құрайтын алты тас жол жабылды:
Екатеринбург — Алматы тас жолының 444—540-шақырымы (Фёдоровка — Қостанай бөлігі).
Екатеринбург — Алматы тас жолының 555—686-шақырымы (Тобыл — Сарыкөл бөлігі).
Қостанай — Әулиекөл — Сурган тас жолының 3—106-шақырымы (Қостанай — Әулиекөл бөлігі).
Мамлютка — Қостанай тас жолының 250—404-шақырымы (Ұзынкөл — Тобыл бөлігі).
Қарабұтақ — Комсомольское — Денисовка — Рудный — Қостанай тас жолының 547—231-шақырымы (Қостанай — Ақтөбе облысымен шектесетін жері).
Денисовка — Жітіқара — Мүктікөл — РФ шекарасы тас жолының 0—50- және 82—174-шақырымы (Денисовка — РФ шекарасы бөлігі).
Қазіргі уақытта аталған жол бөліктерінде 517 дана жол техникасы жұмыс істеуде. Қыс қайта оралған өңір тұрғындарына қысқы дөңгелекпен сапарға шығуға кеңес берілді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *