КАЗГЮУ заңгерлерге арналған тегін онлайн-курстарын бастады

327

Алғаш рет Қазақстанда заңгерлерге арналған тегін TOLES курсы ашылып отыр. TOLES (Test of Legal English Skills) – заңгерлер мен заң саласы қызметкерлеріне арналған ағылшын тілін білу деңгейін тестілеудегі әлемдік көшбасшы.
Аталмыш онлайн курс заңгерлерге бүкіл әлемде мойындалатын TOLES сертификатын алуға мүмкіндік береді, — деп хабарлайды М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Баспасөз қызметі.

Тегін курсқа еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттырғысы келетін кез-келген маман қатыса алады.
Үсіміздегі жылдың 8 сәуірінде басталатын онлайн сабақ үш күндік сессиядан құралған. Сарапшы ретінде TOLES, TKT, CELTA сертификаттары бар тәжірибелі мұғалімдер білім береді.
Бұл сертификат әлемдік деңгейдегі заң фирмаларының арасында танымал және жоғары бағаланады. Бүгінде оны KPMG, The Law Society of England and Wales, Linklaters Oppenhoff and Radler, Allen&Overy LLP, Baker and McKenzie, Price water house Coopers, Sony Ericsson, Daimler Chrysler, European Court of Justice, European Central Bank, Deutsche Bundesbank және т.б. әлемге әйгілі заң фирмалары мойындайды.
Қазіргі таңда М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті Қазақстан мен Орталық Азия бойынша TOLES-ке дайындау және тапсыру бойынша Global Legal English ұйымының (UK) жалғыз өкілдігі болып табылады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *